«Халық пен мемлекет ұтады»: «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы саяси өзгерістер туралы пікірін айтты

Оның пікірінше, саяси күштердің бірігуі алпауыт елдерде жиі кездесетін құбылыс

«Халық пен мемлекет ұтады»: «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы саяси өзгерістер туралы пікірін айтты
Фото: скриншот

Бүгін «AMANAT» партиясының кезекті XXVI съезіне Семей қаласынан келген партия филиалының атқарушы хатшысы Айдос Төлеуханов саяси күштердің бірігуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін партияның кезекті сьезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келдік. Бүгін саяси кеңестің және бақылау-тексеру ұймыдарының атқарған жұмыстары баяндалады. Одан басқа, әрине, үлкен науқан келе жатыр. Бірінші шілдеден бастап жаңа Ата Заңымыз күшіне енеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «әділетті Қазақстан» құру туралы ойын үнемі айтады.  Сондықтан, партия мүшелері мемлекет басшысының ұстанымын қолдайды», - деді ол.

Сондай-ақ, филиалдың атқарушы хатшысы ел арасындағы әртүрлі болжамдарға қатысты өз ойын айтты.

«Ел арасында «саяси құрылымдар бірігеді» деген сөз жүр. Сондай-ақ көпшілік «кім ұтады, кім ұтылады» деген әртүрлі пікірлерін айтады. Бірақ, менің ойымша, бұл жерде ұтатын халық пен мемелкет. Саяси құрылымдардың бірігуі алпауыт елдерде болып жатқан саяси үрдіс. Біздің елімізге де бейтаныс емес. Менің жеке пікірім –  саяси күштердің бірігуі – мемлекет басшысының саясатын қолдау деп білемін», - деді Айдос Төлеуханов.

Мақалада
#AMANAT партиясы