Халықтың әлеуметтік жағдайы мен азаматтардың құқықтары басты орында қала береді – мәслихат депутаты

Роза Әбілова кез келген партияның басты міндеті сол дейді

Халықтың әлеуметтік жағдайы мен азаматтардың құқықтары басты орында қала береді – мәслихат депутаты
Фото: Ақорда

Бүгін «AMANAT» партиясының  XXVI съезіне Алматы облысынан келген Алатау қалалық мәслихатының төрағасы, мәслихат депутаты Роза Әбілов халықтың басты құндылықтары туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін Астана қаласында тарихи сәт өтіп жатыр. Қаралатын сұрақтар көп, әрине. «AMANAT» партиясының депутаттары халық үшін жұмыс істеді, жұмыс істеп те жатыр. Мемлекеттік рәміздер күні президентіміз сөз сөйлеп, «Әділетті Қазақстан» үшін бірігуге шақырды. Сондықтан, кез келген партия үшін халықтың әлеуметтік жағдайы мен құқықтары бірінші орында болады деп ойлаймын», - деді Роза Әбілова.

Оның айтуынша, бүгінгі ұсыныстар мен атқарылған шаруаларға ревизиялық комиссия толық жауап береді.