«Барша әріптестерімді құттықтаймын»: Тоқаев тура 12 жыл бұрынғы оқиғаны еске алды

 

2014 жылы дәл 29 мамыр күні Қазақстан ЕЭО туралы шартқа қол қойған болатын

«Барша әріптестерімді құттықтаймын»: Тоқаев тура 12 жыл бұрынғы оқиғаны еске алды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отырыс Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Өз сөзінде президент бүгінгі күннің символикалық мәніне назар аударған.

Яғни, Ақорда еске салып отырғандай, дәл осы күні, 2014 жылдың 29 мамырында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылған болатын.

«Бұл уақиға еуразиялық интеграцияның маңызды кезеңі ретінде есте қалды. Одақ құрылған сәттен бері еуразиялық «бестіктің» басты ынтымақтастық алаңына айналды. Осыған орай барша әріптесімді Еуразиялық экономикалық одақ күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бірлестік одан әрі дамып, елдеріміз бен халықтарымыздың игілігіне қызмет ете берсін! Бүгінгі шағын форматтағы кездесу барысында біз сыртқы саудаға, жасанды интеллектіні дамыту бастамаларына қатысты маңызды мәселелерді талқылаймыз. Бұл туралы мазмұнды әңгімеміз кеше экономикалық форум аясында басталды. Жиынымыз әдеттегідей конструктивті сипатта өтіп, өзара тиімді шешімдер қабылданатынына сенімдімін», – деді Тоқаев.  

Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Кеңес отырысына Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.