Қазақстанда ресейліктердің үлесі бар 20 мыңнан аса компания жұмыс істейтіні белгілі болды

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанның президенті мәлім етті

Қазақстанда ресейліктердің үлесі бар 20 мыңнан аса компания жұмыс істейтіні белгілі болды
Фото: Ақорда

Қазақстанда Ресей азаматтарының үлесі бар 20 мыңнан аса компания жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне арналған брифинг кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осыған дейін айтылғандай, Ресей Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестиция бойынша көш бастап тұр. Жалпы инвестиция көлемі 29 миллиард доллардан асты. Ал Қазақстанның Ресей экономикасына салған инвестициясы 9 миллиард долларға жетті. Бұл да жақсы көрсеткіш. Қазақстанда ресейліктердің үлесі бар 20 мыңнан аса компания табысты жұмыс істейді», - деді Тоқаев.

Тоқаев биыл 20 тамызда өтетін Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы әріптестік әлеуетін арттыруға тың серпін береді дегенге сенім білдірді.