Ердоған Түркістандағы кортежін тоқтатып, өзіне қарай ұмтылған адамдармен суретке түсті (ВИДЕО)
Оның әрекеті көпшілікті тәнті етті
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін бүгін Түркістан қаласына келгені белгілі. Әлеуметтік желіде Түркия басшысының жол-жөнекей кортежін тоқтатып, арнайы адамдармен амандасқан видеосы тарап жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бір топ азамат Түркия басшысының кортежі өтіп бара жатқанда телефондарын алып, кортежді видеоға түсіре бастаған. Халықтың өзіне деген ықласын байқаса керек, Режеп Тайип Ердоған кортежін жол бойынан арнайы тоқтатып, жиналған қауыммен амандасқан. Ердоғанның жанына келіп суретке түскендердің арасында тіпті Самарқанд, Бұқара, Ташкенттен келген туристер де бар көрінеді. Желі қолданушылары түрік басшысының қарапайымдылығына тәнті болған.
Айта кетейік, бүгін Түркістан қаласында ірі саяси саммит өтіп жатыр.