15.05.2026, 13:10
Саясат
Тоқаев Өзбек президентінің Түркістанға салып берген мешітіне барып, Құран бағыштады (ВИДЕО)
Олармен бірге мешітке Бас мүфти де барған
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылған.
«Мешіт Өзбекстан президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған», - деп хабарлайды Ақорда.
Мешіттің іші дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.
Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
