09.05.2026, 14:49
Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі әскери шеруге барды
Шеру Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өтті
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды