09.05.2026, 15:43
Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент оны Болгария Республикасының Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті «Прогрессивті Болгария» коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа құрылған ынтымақтастық бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі беки түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды