10.05.2026, 20:08
Саясат
Түркия президенті Қазақстанға келеді
Режеп Тайип Ердоған 13 мамыр күні Астанаға ұшып келеді
Фото: Ақорда
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Екі елдің көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалы мен болашағын талқылайды. Сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.
15 мамыр күні бағдарлама Түркістанда жалғасады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, онда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді. Кездесудің негізгі тақырыбы жасанды интеллект пен цифрлық даму болмақ.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды