Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді
Шара 15 мамырға жоспарланған
Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан қаласында 2026 жылдың 15 мамырында Түркі мемлекеттері ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биылғы кездесудің негізгі тақырыбы — «Жасанды интеллект және цифрлық даму» деп бекітілді. Саммит аясында қатысушылар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамыту, инновацияларды экономикалық өсу мен мемлекеттік қызметтерді жақсартуға қолдану, сондай-ақ өңірлік байланысты нығайту мәселелерін талқылайды.
Қазақстан тарапы ұйымға мүше мемлекеттер мен бақылаушы елдердің көшбасшыларын, сондай-ақ ТМҰ Бас хатшысын қабылдайды. Сонымен қатар, жиынға Ақсақалдар кеңесі мен түркі ынтымақтастық ұйымдарының өкілдері қатысады деп жоспарланған.