Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиямен әскери транзит және Ұлыбританиямен стратегиялық серіктестік туралы заңдарға қол қойды

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиямен әскери транзит және Ұлыбританиямен стратегиялық серіктестік туралы заңдарға қол қойды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиямен әскери транзит және Ұлыбританиямен стратегиялық серіктестік туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы 8 мамыр күні «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзиті туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сол күні мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды.

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.