$ 495.1  583.72  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық банктің рөлін Конституцияда нақты бекіту керек - Нұртай Сабильянов

Бұл қаржы жүйесіне деген сенімділікті арттырады

Ұлттық банктің рөлін Конституцияда нақты бекіту керек - Нұртай Сабильянов
Фото: Конституциялық Сот

Конституциялық комиссияның отырысында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов ұлттық валютаны Конституция деңгейінде бекіту экономикалық егемендіктің маңызды көрінісі және қаржылық тұрақтылықтың негізі екенін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлттық валютаның шығарылуына, оның тұрақтылығын қорғауға жауапты институттың нақты айқындалуы қажет. Мұндай конституциялық бекіту құқықтық айқындықты, институционалдық тұрақтылықты және қаржы жүйесінің болжамдылығын қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл цифрлық қаржы құралдары, виртуалды активтер және экономикалық айналымда кеңінен қолданылып келе жатқан басқа есеп айырысу құралдарының белсенді дамуы жағдайында ерекше өзектілікке ие», - деді ол.

Депутат атап өткендей, эмиссиялық органның Конституцияда нақты көрсетілуі ұлттық валютаның тұрақтылығын қалыптастыратын және оған кепілдік беретін институтты айқын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл қаржы жүйесіне деген сенімділікті арттырады.

«Осы тұрғыда ұлттық валютаны шығаруға айрықша құқық берілген және ақша-кредит саясатын жүргізуге жауапты жалғыз орган ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің рөлін Конституциялық деңгейде бекіту жүйелі әрі негізделген шешім болып табылады. Ұлттық валютамен қатар эмиссиялық органның да айқындалуы экономикалық өзгерістерге төтеп бере алатын тұрақты қаржы жүйесінің негізін қалайды.Осыған байланысты Конституциялық құрылыс негіздері атты бірінші бөлімде теңгенің мәртебесін мынадай редакцияда бекітуді ұсынамын. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі- ұлттық валюта теңге. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне теңге эмиссиясының айрықша құқығы тиесілі», - деді депутат.