$ 503.17  600.89  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Депутат Қазақстан аумағында жасалатын халықаралық шарттар туралы мәселе қозғады

Ол Конституциядағы билік бөлінісі мен халықаралық шарттардың рөлі туралы ойын айтты

Депутат Қазақстан аумағында жасалатын халықаралық шарттар туралы мәселе қозғады
Фото: скриншот

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Марат Башимов Конституцияға қатысты екі маңызды ұсыныс көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірінші ұсыныс мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну қағидасын сақтай отырып, Конституция мәтінінен «тежеу мен тепе-теңдік жүйесі» ұғымын алып тастауға бағытталған. Депутаттың пікірінше, бұл ұғым уақыт өте өзгеріске ұшыраған және қазіргі мемлекеттік басқару жүйесінде билік тармақтарының өзара іс-қимылы Президенттің үйлестіруші рөлі арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, Конституция мәтіні халық үшін түсінікті әрі қарапайым болуы тиіс.

Екінші ұсыныс халықаралық шарттардың ұлттық заңнамадағы орнына қатысты. Депутат халықаралық шарттардың заңдардан автоматты түрде басым болмауы керектігін атап өтті. Әрбір халықаралық келісім Парламент тарапынан ратификацияланғаннан кейін ғана заңды күшке ие болады. Парламент Конституцияға қайшы келетін халықаралық шарттарды ратификацияламауға құқылы.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттардың қолданылу тәртібі заңмен айқындалуы тиіс деген нақты конституциялық норманы бекіту ұсынылды. Бұл қадам мемлекеттің егемендігін сақтай отырып, ұлттық мүдделер мен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.