25.05.2020, 10:43
Кейіпкер
Әлемдік брендтерді қолдан жасаған қазақстандық «Adidas» компаниясына 19 млн теңге залал келтірді
Алматы облысында тұратын азамат танымал бренд аяқ киімдерін қолдан жасаған
Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Adidas», «Nike» және «Reebok» тауарлық белгілерін заңсыз пайдаланған тұрғынды анықтады.
«1982 жылғы Қазақстан азаматы жалған спорт аяқ киімдерін қолдан жасаған, сол арқылы «Аdidas AG» (Германия) және «Аdidas International Marketing BV» (Нидерланды) компанияларына 19 млн теңге сомаға залал келтірген», - делінген хабарламада.
Тінту барысында қоймадан танымал компаниялардың түпнұсқа үлгілеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорт аяқ киімі анықталып, тәркіленді. Аталған факт бойынша облыс тұрғынының үстінен Қылмыстық кодекстің 222-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)
15.09.2026, 23:42
Қызылордада хоккей жаттықтырушысы шәкіртін екі жыл бойы қорқытып, зорлап келген (ВИДЕО)