Астанада ер адам балаларының көзінше әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған (ВИДЕО)
Полиция департаменті адам өлтіру және суицид бойынша қылмыстық іс қозғады
Астанада 55 жастағы ер адам отбасылық жанжал кезіне 53 жастағы әйелін пышақтап өлтіріп, артынша өзіне қол салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға 14 және 12 жастағы балаларының көз алдында болған.
Астана қаласының Полиция департаменті адам өлтіру және суицид бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйелін пышақтаған. Кейін өзі де пышақ жарақатын алған. Жарақат салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.