$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Өзгелерге үлгі»: Туғаннан көзі көрмейтін Вероника қазақ тілін қалай үйренді

Ол қазір сәндік қолданбалы өнер мамандығы бойынша білім алып жүр

«Өзгелерге үлгі»: Туғаннан көзі көрмейтін Вероника қазақ тілін қалай үйренді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Көкшетауда тұратын Вероника Давыдованың туғаннан көзі көрмейді. Бірақ 19 жастағы бойжеткен оған налымайды, керісінше өмірге деген махаббаты ерек, оқу-білімге құштар. Достары мен ұстаздары Верониканы ашық мінезді, сыпайы, көңілді, белсенді әрі жан-жақты қыз деп сипаттайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Ол 2012-2020 жылдары Қарағанды қаласындағы көзі көрмейтін балаларға арналған мектепте оқыған. Сол жерде жүріп қазақшаны емін-еркін меңгерген.

«Қазақ тіліне деген ынтам мектепте жүргенде оянды. Сол үшін ұстазым Казина Есімоваға алғысым шексіз. Ол кісі болмаса қазақша үйрене алмас едім»,- дейді ол.

Верониканы анасы мен әжесі тәрбиелеген. Ол 2022 жылы Көкшетау қаласы Құрылыс - технологиялық колледжіне түскен. Қазір сәндік қолданбалы өнер мамандығының 2 курс студенті.

«Верониканың өнер мен білімге деген құштарлығы мол. Студенттерге үлгі болатын жан. Үнемі кітапаханаға барып, іс-шаралардан қалмай, қатысып жүреді. Алыстан дауысыңнан танып, ұстаздарымен емен-жарқын амандасып жүреді. Ән айтады, өлең оқиды, тоқыма тоқиды. Ана тілі- орыс тілі мен қазақ тілін жетік меңгерген ол ағылшын тілінде де сөйлей алады. Мен оның жарқын болшағына сенемін », - дейді Құрылыс-технологиялық колледжінің директоры Ерлан Бегайдаров.

Директордың айтуынша, Верониканы кемтарлығына қарап кейбір оқу орындары қабылдамай қойған екен.

«Студент қатарына қабылдар кезде, оның белсенділігіне, өмірге деген құштарлығына қарап алдық. Бізде инклюзивті оқыту жүйесі оң жолға қойылған. Сондықтан қызбен жұмыс істеуді мойнымызға алдық», - дейді колледж басшысы.

Серіктес жаңалықтары