Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
Желі қолданушылары жас чемпиондардың тәтті қылығына сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан арнайы алғыс хат алған екі бүлдіршіннің тәтті қылығы жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балалардың видеосын журналист Әділ Балтабаев желідегі парақшасында жариялады.
Президенттің қолынан марапат алған балалар жуырда Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бәйгеден чемпион атанған. Санжар Өмекей құнан бәйгеде, ал Нұрасыл Бекбатыр аламан бәйгеде алдына қара салмай, алтын медаль жеңіп алған.
Желі қолданушылары жас чемпиондардың тәтті қылығына сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді.
«Ауыздық пен алысқан жүйріктерді тізгіндеген балақайлар. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азамат болыңдар!», «Олар әкіммен әңгімелесіп, президенттің қолынан марапат алды», «Сүйкімді балалар, алар асулары көп, шығар белестері биік болсын!», «Жұлдыздарың жана берсін балапандар!», «Жарайсыңдар балалар. Алға, тек алға. Жеңістерің көп болсын!» – деп жазды желі қолданушылары.