Бүгін, 16:35
AR trend

Қазақстанға Голливуд актері Тиль Швайгер келді: ол Джеки Чанның фильміне түсетін болды (ВИДЕО)

Ол әлемге «Knockin' on Heaven's Door», Квентин Тарантиноның «Inglourious Basterds» фильмдері арқылы танымал

Қазақстанға Голливуд актері Тиль Швайгер келді: ол Джеки Чанның фильміне түсетін болды (ВИДЕО)
Фото: Instagram/tilschweiger

Қазақстандық медиакомпания «Armour of God: Ultimatum» фильмінің түсіріліміне Голливуд актері Тиль Швайгер келгенін хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қазір Алматыда танымал актер Джеки Чан ойнайтын «Armour of God» фильмінің төртінші бөлімі түсіріліп жатыр. Енді түсірілім жұмысына аты аңызға айналған актер Тиль Швайгер де қосылды.

«Armour of God: Ultimatum» фильмінің түсіріліміне «Knockin' on Heaven's Door», Квентин Тарантиноның «Inglourious Basterds» сияқты танымал фильмдердің актері түсірілімге қатысатын болды. Біз 80-нен астам фильмде ойнаған актермен бірге жұмыс істеуді үлкен мәртебе санаймыз. Жақын арада оны Джеки Чанмен бірге экраннан көреміз», – деді медиакомпания өкілдері.