$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қытайда мұғалімге деген құрмет ерекше»: Шихэцзи қаласында сабақ беретін қазақ жігіті

Шихэцзи шаһарында Қазақстаннан барған 8 студент білім алып жатыр

«Қытайда мұғалімге деген құрмет ерекше»: Шихэцзи қаласында сабақ беретін қазақ жігіті
Фото: Azattyq Ruhy

Шыңжан-ұйғыр автономиялық провинциясына қарасты Шихэцзи қаласында 1996 жылы ашылған университет жұмыс істейді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Шихэцзи университеті 27 бағыт бойынша білім береді. Оқу ордасын халықаралық, себебі орыс тілінде сабақтар беріліп, түрлі елдің азаматтары білім алып жүр. Қазақстан азаматтары да аталған университетте еңбек етіп, студенттер білім алып жатыр.

Университетте орыс және ағылшын тілінен беретін мұғалім Ерлан Айбектің оқу ордасына еңбек етіп жатқанына 8 ай болған.

«Алғашында осы жақта жұмыс істеуге ұсыныс келіп түсті. Коронавирусқа дейін Қытайда 3 жыл еңбек еттім. Коронавирус аяқталғаннан кейін осында қайта жұмысқа оралдым. Қытайға деген сүйіспеншілігім ерекше. Мәдениеті жағынан қазақтарға жақын, ашық, ақкөңіл халық. Қытай оқушыларына ағылшын, экономика, орыс тілінен сабақ беремін», - дейді Ерлан Айбек.

Оның айтуынша, әзірге елге қайтатын жоспары жоқ.

«Қазақстан қазір батысқа еліктеп, дамып жатқанын көруге болады. Мен қазақы отбасында дүниеге келіп, тәрбиелендім. Сондықтан маған Қытай мәдениеті мен түсінігі жақын деп ойлаймын. Осы жақтағы қазақтар да салт-дәстүрін берік ұстанады. Наурыз мерекесін де жақын маңдағы қалалардағы жергілікті қазақтармен бірге тойладық. Бұл жақта «басқа елден келдің» деп ерекше құрмет көрсететіні де біздің мәдениетке жақын. Жалпы, болашағымды Қытаймен байланыстырғым келеді», - дейді ол.

Ерлан Айбек қытайлықтардың мұғалімге деген сүйіспеншілігі ерекше екенін жеткізді.

«Мен қазақ мектебінде оқыдым. Біздің елде мұғалімді үлгі тұту, ерекше құрметтеу азайып барады. Ал Қытайда мұғалімге деген сүйіспеншілік, құрмет жоғары. Қарсы сөз айту деген мүлдем жоқ», - дейді ол.

Шихецзи университеті 2002 жылдан бастап шетелдік студенттерді қабылдай бастаған. Ол Қытайдағы шетелдік студенттерді қабылдайтын 45 университеттің біріне айналды. Университет жанындағы 15 институт шетелдік студенттерді даярлаумен айналысады.

Ал 2012 жылдың 27 қарашасында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Конфуций институты құрылған. 2023 жылдың наурызына дейін онда 3 мың адам дәріс алған. Университет Қазақстан мен Ресейде қытай тілінің орталығын ашқан.

Бүгінде Шихецзи университетінде Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 8 студенті білім алып жатыр.

Университетпен студенттер алмасу бағдарламасы аясында Әлима Сатыбалды мен Құралай Мейрам Қытайда 1 жыл оқиды. Қазақстанда 1-курсты аяқтаған. 2-курсты Қытайда тәмамдамақ.

«Біз бұл университетте Қытай филологиясын оқимыз. Алғашында оқуға келгенде қытай тілінде «әке, ана» деген сөздерді ғана білдік. Осында тек қытай тілінде сөйлесетіндердің арасында білім алып, тұрғандықтан меңгеру мен қолданыс аясы әлдеқайда артты. Қазір еркін өзіміз қалаған дүниені сұрап, біле аламыз. Іле, Алтайдан келген жергілікті қазақтар да осы университетте оқиды. Олар біздің жақын достарымызға айналды», - дейді ол.

Құралай Мейрам атағандай, қазақстандық университетте оқу ақысы жылына 600-700 мың теңге, Шихэцзи университеті студенттерге жатақхананы тегін үлестіріп отыр.

Қытай тілі филологиясын оқып жүрген студенттердің бірі Камила мен Ерқанат алғашында оқуға келгенде қатты қорқыныш болғанын айтады.

«Осы жердегі білікті ұстаздардың білімінің нәтижесінде тілді жылдам меңгере бастадық. Алғашында белгілі бір білім базасы болған. Біздің топта пәкістандықтар мен ирандықтар бар. Жалпы 12 адам оқимыз. Қытай мәдениеті мен тарихымен танысып, қызықты деректер біліп жатырмыз. Біздің мамандықтың өте бай екенін көріп жатырмыз. Осы жақтағы қазақтар да оқиды. Алайда біз олармен бір топта оқымаймыз, себебі олардың қытай тілін меңгеруі өте жоғары деңгейде. Олар қытайлықтармен бірге оқиды», - дейді қазақстандық студенттер.

Серіктес жаңалықтары