Бүгін, 09:49
AR trend

«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты

Атышулы актер осыған дейін әйелінің жеңіл жүрісті екенін айтып, қыр-соңынан қалмаған

«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Атышулы актер Нұрсұлтан Жақсыген экс-жұбайы Фариза Алмазқызымен болған сотта жеңіліп, 2 жыл 3 айға сотталған. Осыған байланысты актердің жұбайы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол сөз басында экс-күйеуі өзіне жала жауып, қорлағанын, ар-намысына тигенін айтты.

«Қазақтың қаршадай қызына, екі баланың анасына жазықсыз жала жауып, бүкіл халықтың алдында қорлаған кезде, сіздер халық болып, үлкен қолдау көрсеттіңіздер. Мен үшін өте ауыр жала болды. Себебі мен, ата анамның тәрбиесін көрген, әкемнің махаббатымен өскен, түзу жолда, жұмысымды істеп, аяққа тұрып, балаларымды асырап жүрген қазақтың қарапайым қызымын», – дейді Фариза Алмасқызы.

Ол сөзін жалғай отырып, халықтың өзі ақ-қарасын ажыратып, әділдікті талап етуі үлкен жәрдем болғанын ерекше атап өтті.

«Алланың 99 есімінің бірі – Әл-Халиқ. Халықтың өзі ақ-қарасын ажыратып, әділдікті талап етті. Алла әділ, бірінші Алла, екінші сіздердің арқаларыңызда, сот әділ шешім шығарып, менің намысымды қорғады. Бұл менің ғана емес, барша қазақ қызының жеңісі деп білемін. Мені қолдаған, уайымдаған, дұға еткен барша Қазағыма алғысымды білдіремін», – дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Жақсыгеннің осыған дейін экс-жұбайы Фариза Алмазқызын қорлағаны үшін сотталып тынғаны хабарланған.