Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
Шетел азаматтарының қай елден
Ақмола облысының Целиноград ауданында 100-ге таяу шетел азаматының былығы әшкере болды. Өңірлік Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тәртіп сақшылары 9 қыркүйек күні Целиноград ауданына қарасты Жабай ауылының маңында салынып жатқан кірпіш зауытын тексерді.
«Тексеру барысында объектінің құрылыс жұмысында Қытай Халық Республикасының 75 азаматы еңбек ететіні анықталды. Қазіргі уақытта анықталған фактілер бойынша тиісті іс жүргізу іс-шаралары жүргізілуде. Әкімшілік материалдардың әрқайсысы бойынша шешім заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданатын болады. Тексеру нәтижелері бойынша шетелдік азаматтарға қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны және рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істегені үшін әкімшілік хаттамалар құрылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактісі ұйым басшысына қатысты әкімшілік хаттама жасалатын болады», – делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, екі күн ішінде көші-қон полициясының қызметкерлері 59 бұзушылық анықтады, оның 39-ын шетелдіктер жасаған.