«Әйелім мен балам мені қабылдамады»: Сәкен Қалымов отбасындағы қиындық туралы айтты (ВИДЕО)
Белгілі әншінің айтуынша әйелі мен баласы сөйлеспей қойған
Танымал композитор, әнші Сәкен Қалымов «Бүгін live» бағдарламасына берген сұхбатында өзінің отбасындағы қиындықтар туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айтуынша, жас кезінде серілік құрып, Астанада тұратынын әйелі мен ұлынан бөлек кеткен.
«Астанаға арнайы іздеп бардым, алдарынан өтейін дедім. Жарымды да, баламды да кінәламаймын. Қателік менен болды. Ол кезде жеңілтек өмір болды, ортамыз солай болды. Серілік құрған заман болды. Бәріне атүсті қарадық.Әрине, құшақ жая қарсы алады деп бармадым. Бірақ тіл табыса алмадым. Мені қабылдамады. Енді дұға етіп жүрмін. Бұйырған күні бәрі жақсы болады деген үміттемін», – деді ол.
Айта кетейік, осыған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова күйеуімен ресми түрде ажырасқанын растады. Қабатовтың экс-жұбайы қазір екінші фильмінің дайындық жұмысына кіріскен. Жақында оның дебюттік фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Продюсердің айтуынша, бірінші фильм тәжірибе жинау тұрғысынан маңызды кезең болған, ал қазір ол әлдеқайда күрделі тақырыпқа, яғни ажырасуларға көңіл бөлгісі келеді.