$ 518.19  597.32  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановқа көңіл айтты

Қуаныш Мұхтарұлы екі апта бұрын дүниеден озды

Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановқа көңіл айтты
Фото: Берік Ағыбаевтың желідегі парақшасынан

Әнші Димаш Құдайберген белгілі ақын Мұхтар Шахановқа көңіл айтты. Бұл туралы қоғам белсендісі Берік Ағыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін халықтың аяулы ұлы, Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген белгілі ақын, Еңбек Ері, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына байланысты арнайы келіп, көңіл айтуын жеткізді. Қайғысына ортақтасып, жүрегіне жазылмас жара салған бұл ауыр күнде ағамыздың шаңырағында құран бағыштағанының өзі бір көрегенділік», - деп атап өтті Берік Ағыбаев.

Еске сала кетейік, Қуаныш Мұхтарұлы екі апта бұрын дүниеден озды. 2021 жылы ақынның Рауан Шаханов есімді ұлы қайтыс болған еді. Ал биылғы жылдың сәуірінде бұрынғы әйелі Розалинда Шаханова 74 жасында өмірден өтті.

Серіктес жаңалықтары