$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан блогер Mellstroy-ға іздеу жариялады

Ол ақылға сыймайтын челлендждер өткізу арқылы танымал болған

Қазақстан блогер Mellstroy-ға іздеу жариялады
Фото: istockphoto.com

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті Mellstroy деген лақап атпен танымал Беларусь елінің блогері Андрей Буримге іздеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарлама құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.

Mellstroy тікелей эфирдегі дау-жанжал мен қызды ұрып-соғуға қатысты қылмыстық істің арқасында танымал болды. Қазір ол құмар ойындарды насихаттаумен және көрермендер үшін ақылға сыймайтын челлендждер өткізумен айналысады.

Еске сала кетейік, осы блогердің тапсырмасын орындаймын деп Астанадағы сауда орталығында жартылай жалаңаш жүгірген жігіт 15 күнге қамалған болатын. Ол дәретханадан іш киіммен жүгіріп шығып, қолына «Маған пәтер сыйлаңдар» деген жазуы бар плакат ұстап, дәл сол сөзді айқайлап сауда орталығы ішінде жүгірген. Оның айтуынша, стример «пәтер ұтысын» жариялап, қорлайтын немесе қауіпті әрекеттер жасауға дайын адамдар арасында «жүлде ойнатқан».

Серіктес жаңалықтары