Полиция жұмысқа тұру кезінде сақ болуға шақырды
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Абай облысының полиция департаменті интернет арқылы жұмыс ұсынатын aлаяқтардың көбейгенін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
NoFake.kz порталының мәліметінше танымал сайттар мен әлеуметтік желілерге өтірік вакансия орналастырып, жұмыс сұрап хабарласқан адамдарға бейтаныс сайттар мен қосымшалардың сілтемелерін жібереді.
«Осындай хабарландыруларға жауап берген азаматтарға кейін жалған сайттар немесе анкеталардың сілтемелері жолданады. Кей жағдайларда алаяқтар «жұмысқа қажет» деп мобильді қосымша орнатуды сұрайды, бірақ ол қосымша зиянды бағдарламалық вирустарға толы болып шығады», – деп түсіндірді облыстық полиция.
Кейбір оқиғаларда азаматтар шетелде жұмысқа орналастыруды сылтауратып, еңбек немесе жыныстық құлдыққа түсіп қалған.