$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері дүниеден озды

Серік Сәрсембайұлы Қазақстан ұлттық құрамасын 1995-1997 жылдары басқарды

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері дүниеден озды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын 1995-1997 жылдары басқарған Серік Бердалин 79 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясы жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Қазақстан футбол федерациясы Серік Бердалиннің дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада.

Қарағанды футболының түлегі, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Бердалин «Шахтёр» және «Металлург/Строитель» командаларында ойнаған. Спорттық карьерасын аяқтаған соң «Шахтёр», «Ертіс» және «Жетісу» сынды бірқатар қазақстандық клубта бапкерлік әрі басшылық қызмет атқарды. Серік Бердалиннің жетекшілігімен «Шахтёр» (1995) мен «Ертіс» (1998) Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

«1995-1997 жылдары Серік Сәрсембайұлы Қазақстан ұлттық құрамасын басқарды, ал 2003-2008 жылдары Қазақстанның Туризм және спорт агенттігінде футбол бойынша мемлекеттік жаттықтырушы қызметін атқарды», - деп атап өтті федерация.

Серік Бердалин – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері, сондай-ақ 1995 жылғы елдің үздік футбол жаттықтырушысы атағының иегері.

Серіктес жаңалықтары