$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жайылымда жүрген жерінен атып алған: Ұлытау облысында бір топ жас жігіт мал ұрлығымен айналысқан

Қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Жайылымда жүрген жерінен атып алған: Ұлытау облысында бір топ жас жігіт мал ұрлығымен айналысқан
Фото: istockphoto.com

Ұлытау облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жаңаарқа ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

Анықталғандай, топ құрамына Жаңаарқа ауданы мен Қарағанды қаласының 18-22 жастағы тұрғындары кірген. Тергеу барысында олардың биылғы жылдың қыркүйек пен қараша айлары аралығында аудан аумағында бірнеше рет мал ұрлығын жасағаны белгілі болды.

«Күдіктілер түнгі уақытта жайылып жүрген малды атып, сойып алған, сондай-ақ қора-жайлардан да мал ұрлаған. Тергеу нәтижесінде олардың 7 бас ірі қара мен 2 жылқыны жымқыру фактілеріне қатысы бар екені дәлелденді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Облыстық полиция департаменті тұрғындарды өз мүлкіне, соның ішінде мал басына мұқият қарауға, малды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік шараларын қабылдауға – бейнебақылау мен жарықтандыру орнатуға шақырады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары