Маңғыстау облысында бір үйір қасқырдың үйлерді торуылдап жүрген видеосы тарады
Құлалы аралында бір үйір қасқырдың жүрген видеосы жарияланды
Маңғыстау облысының Құлалы аралында бір үйір қасқырдың жүрген видеосы жарияланып, экологтар адамдарды жыртқышқа жақындамауға шақырды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облысының Құлалы аралында бір үйір қасқырдың жүрген видеосы жарияланды. Бұл арал – итбалықтар мекендейтін ең ірі аралдардың бірі.
ECOJER экологиялық қауымдастығының өңірлік кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов видеодағы жағдайға қатысты ойын жеткізді. Оның айтуынша, қасқырлар аралдарды ондаған жылдар бойы мекендейді және осы жерден жемтіктерін табады. Олар көбінесе толқынмен жағалауға шыққан итбалықтарды қоректенеді, кейде тірі итбалықтарды да аулайды. Сондай-ақ қасқырлар балық, су құстары мен құстардың жұмыртқаларын да жейді.
Әділбек Қозыбақов адамдарға қасқырға жақындауға немесе оны тамақтандыруға болмайтынын ескертті. Бұл қауіпті жыртқыш, кейде құтыру ауруына шалдыққан болуы мүмкін. Сол себепті шағалалар, түлкілер, қорқау қасқырлары, дала мысықтары сияқты кішігірім жыртқыштардан да аулақ болу қажет.