14.11.2025, 20:00
Жаңалықтар
Александр Данилов «AMANAT» партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды
Александр Данилов – Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі, саясаттанушы
Фото: «AMANAT» партиясы баспасөз қызметі
Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі Александр Данилов «AMANAT» партиясының Хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «AMANAT» партиясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін партия төрағасы Ерлан Қошановтың Қаулысымен «AMANAT» партиясының хатшысы лауазымына Александр Данилов тағайындалды.
Александр Данилов – Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі, саясаттанушы.
Еңбек жолын қоғамдық сектордан бастап, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымдарында және талдау орталықтарында басшы болды. Ол бірқатар медиа жобалардың жетекшісі, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымында еңбек етті.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
