$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда биылғы қыста ауа райы қандай болады: алдағы бірнеше айға арналған болжам жарияланды

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

Қазақстанда биылғы қыста ауа райы қандай болады: алдағы бірнеше айға арналған болжам жарияланды
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 2025 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың ақпанына дейінгі кезеңге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желтоқсан

Желтоқсанда еліміздің көп бөлігінде айлық орташа ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары болады деп күтіледі. Ал Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысында, Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында және Ұлытау облысында температура норма деңгейінде болады. Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында.

Кызылорда облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында және Ұлытау облысының батысында жауын-шашын нормадан аз болады деп болжанады.

Қаңтар

Қаңтарда айлық орташа ауа температурасы еліміздің көп бөлігінде нормаға сай, ал Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Алматы облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығысында және Павлодар облысының оңтүстік-шығысында нормадан 1° төмен болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері республиканың көп бөлігінде норма деңгейінде болады.

Түркістан облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл мен Алматы облыстарының оңтүстік бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында және Жетісу облысында жауын-шашын нормадан көп түседі.

Ақпан

Ақпан айында айлық орташа ауа температурасы республиканың барлық өңірінде нормадан 1-2° жоғары болады деп болжанып отыр.

Жауын-шашын мөлшері ақпанда еліміздің барлық аумағында нормаға сай күтіледі.

Серіктес жаңалықтары