$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды

Көркейтілген аумақтың жалпы көлемі – 2,5 гектар

Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Бостандық ауданы әкімінің аппараты Торайғыров көшесінің Саин көшесінен Кекілбайұлы көшесіне дейінгі аралықта кешенді көркейту жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көркейтілген аумақтың жалпы көлемі – 2,5 гектар.

Мұнда ауқымды жұмыс жүргізілді:

-энергия үнемдейтін шамдары бар 220 жарық тірегі орнатылды;
-70 орындық және 110 қоқыс жәшігі қойылды;
-200 ағаш, 1 500 бұта және 8 200 шаршы метр көгал егілді;
-6 500 шаршы метр аумақта веложол салынды;
-қауіпсіз жабыны бар заманауи балалар және спорт алаңдары жасақталды;
-ұзындығы 10 000 метр автоматты суару жүйесі орнатылды;
-тұрғындардың демалысы үшін перголалар мен әткеншектер орнатылды.

Айта кетерлігі: осы аумақтағы ауқымды көгалдандыру жұмыстары қала әкімі Дархан Сатыбалдының нысанға жасаған сапары кезінде берген тапсырмасына сәйкес жүргізілді.

Жалпы аудан көлемінде биыл 26 көркейту жобасы қолға алынған, олардың қатарында жаңа қоғамдық кеңістіктер де бар.

Серіктес жаңалықтары