Қарағанды облысында түрмеден шыққан ер адам бірнеше айдан кейін қайтадан қамауға алынды
Ол енді 1 жыл 3 айы түрмеде отырады
Қарағанды облысында түрмеден шыққан ер адам тиісті міндеттерін орындамағаны үшін бірнеше айдан кейін қайтадан қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысының Полиция департаменті таратқан хабарламаға сүйенсек, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған ер адам қайта темір торға оралды. Абай аудандық соты 37 жастағы азаматтың бостандығын шектеу туралы шешім қабылдады. 1 жыл 3 айы түрмеде өтеледі.
Биыл жазда сот оған түзетуге мүмкіндік беріп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға рұқсат еткен еді. Барлық шектеулер мен міндеттемелер түсіндірілді. Алайда, ол бостандықты бағалаған жоқ.
«Полицейлер оның алғашқы тәртіп бұзушылығын тез арада тіркеді: түнгі тексеру кезінде үйінде болмаған, ал таңертең алкоголь иісі шығып тұрған. Көршілеріне барғаны туралы сылтауы өтпеді. Ескерту де көмектеспеді.
Көп ұзамай ол тағы да мас күйінде құрбысының үйінде жүрген жерінен табылды. Үш күннен кейін қайта тексеру жүргізілді, нәтижесі – мас күй. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзу фактілері қайталанды.
Полиция қызметкерлері істі сотқа берді. Дәлелдемелерді қараған сот, азаматтың түзетуге тырыспағаны және бостандықты қиянатпен пайдаланғаны туралы қорытындыға келді. Сот шешімі өзгеріссіз қалды – ер адам бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.