14.11.2025, 11:52
Жаңалықтар
Қазақстан VS Бельгия: Астанада өтетін матчқа арнайы шаттл-автобустар қатынайды
Арнайы автобустар қаланың қай орындарынан қатынайтыны хабарланды
Фото: freepik.com
Астанада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы футбол матчына арнайы автобустар қатынайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астана Арена» стадионында матч 2025 жылдың 15 қарашасында өтеді. Жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін қала әкімдігі арнайы автобустар ұйымдастыратынын хабарлады.
Шаттл-автобустар төмендегі аялдамалардан жолға шығады:
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Бас Мешіт» автотұрағы;
- «Орталық саябақ» автотұрағы;
- «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы.
Автобустардың қозғалысы сағат 16:00-ден басталады.
«Әкімдік жанкүйерлерді өз ыңғайы мен қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды