$ 524.32  609.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында 9,4 мың гектар жер орман қорына енбей келген

Олардың арасында Алакөл мен Үйгентас орман шаруашылығы алқаптары бар

Жетісу облысында 9,4 мың гектар жер орман қорына енбей келген
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысы прокуратурасының шараларымен облыстың орман қоры алаңы ұлғайтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы орманмен көмкерілген және мемлекеттік орман қорына енгізілмеген 9 мың гектардан астам жерді анықтады.

Орман кодексінің 51-1-бабына сәйкес басқа санаттардағы жерлерде табиғи екпелер мемлекеттік орман қорына енгізілуге жатады.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімдік барлық мүдделі органдардың қатысуымен комиссия құрып, анықталған учаскелерді облыстық орман қорының құрамына енгізу бойынша Жол картасын әзірледі.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша анықталған 9 412 гектар жер облыстық орман қорына (Алакөл және Үйгентас орман шаруашылығы алқаптарына қоса) берілді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары