«Артық сөйлемеңдер»: қазақстандық блогер Италияда жүріп, күтпеген жерден оқыс жағдайға ұшырады (ВИДЕО)
Ол Еуропаға баратын қазақстандықтарға ескерту жасады
Қазақстандық блогер Нұртөре Әбдіхалық Италияда жүріп күтпеген жерден айыппұлға тап болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Блогер Еуропаға, соның ішінде Италияға баруды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға ескерту ретінде арнайы видео жариялады.
«Еуропаға барғалы жүрген жақыныңа жібер! Билеттің QR-ын сканерден өткізу керек, турникет жоқ болса сұраңыз, қай жерден өткіземін деп. Барар жеріңізге жету үшін тағы бір пойызға мінер болсаңыз, билетке жаздыру керек екен.
Италияда пойызға мінгенде айыппұл алып қалуларыңыз мүмкін. Маған 107 еуро айыппұл жазып берді. Біздің ақшамен 65 мың теңге айыппұл болды», - дейді Нұртөре Әбдіхалық.
Блогердің бұл видеосына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Олардың арасында блогерді жолақысын төлемей жатып, пойызға отырып алды деп айыптағандары да болды.
«Білмейсіңдер ме, артық сөйлемеңіздер. Мен билет сатып алдым, ал оның QR-ын сканерден өткізу керек екен, бірақ онда турникет болған жоқ. Міндетті түрде QR-ын өту керек екенін білген жоқпын. Билетім болса да айыппұл салып жіберді», - деп блогер ағынан жарылды.