$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда микроқаржы ұйымы тәркілеп алған пәтерді арзан бағамен сатпақ болған

Тәркіленген пәтердің бағасы нарықтық құнынан төмен бағаланғаны анықталып, сатылым заңсыз деп танылды

Қостанайда микроқаржы ұйымы тәркілеп алған пәтерді арзан бағамен сатпақ болған
Фото: istockphoto.com

Қостанайда тәркіленген пәтерді сату бойынша өткен сауда-саттық заңсыз деп танылды. Себебі оның бағасы нарықтық құнынан төмен болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап.

Соттың ресми Telegram-арнасының мәліметінше, ер адам жеке сот орындаушысына қарсы талап-арыз түсіріп, әкімшілік іс Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралған.

Талапкер соттан жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есепті қабылдау жөніндегі жауапкердің әрекетін заңсыз деп тануды сұраған. Сондай-ақ тәркіленген мүлікті сатуға беру және электронды аукцион хаттамасын да даулаған.

Талапкер өз уәжінде 2022 жылы Қостанай қалалық сотының шешімімен микрокаржылық ұйымның кепілге алушы мен қарыз алушыға қарсы берген талап-арызы қанағаттандырылып, кепілдегі мүлікке өндіріп алу шарасы қолданылғанын атап өткен.

Сот шешімі бойынша Қостанай қаласындағы жалпы ауданы 58,70 шаршы метр болатын үш бөлмелі пәтерге өндіріп алу жүргізілген.

2023 жылдың шілдесінде жүргізілген бағалау нәтижесінде аталған пәтердің нарықтық құны 19 567 000 теңге деп көрсетілген. Бұл екі жыл бұрын жасалған бағалаудан 1 609 000 теңгеге төмен.

Әкімшілік істі қарау барысында сот бағалаушы белгілеген құн жылжымайтын мүліктің нақты нарықтық бағасына сай келмейтінін анықтады.

Осыған байланысты мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот орындаушылық іс жүргізу аясында тәркіленген пәтерді сату бойынша өткен сауда-саттықты заңсыз деп танып, оларды жою туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары