$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана тұрғыны крипто-алаяқтардың құрбаны болды

Ол бірақ сотта жеңіп шықты

Астана тұрғыны крипто-алаяқтардың құрбаны болды
Фото: istockphoto.com

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты елорда тұрғынының екі адамға қарсы берген 11 млн теңге ақшасын өндіру туралы талабын қанағаттандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың мәліметінше, талапкер белгісіз адамдардың алдауына түсіп, банк шоттарында жатқан ақшасын аударып жіберген. Алдын ала тергеу органы оны жәбірленуші деп таныған.

Істі қарау барысында тараптар арасында қаржы аударымын негіздейтін қандай да бір шарттық қатынастар немесе міндеттемелер болмағаны белгілі болды. Осыған байланысты жауапкерлердің алған ақшасы негізсіз байыту деп танылды.

Жауапкерлердің бұл қаражат криптовалютамен жасалған мәмілелер үшін төлем болды деген уәждерін сот негізсіз деп тапты. Шешімде олардың мәмілелерді «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген лицензияланған биржа арқылы жасағанын, сондай-ақ заңнама талаптарын – салықтық нормалар мен кірістерді заңдастыруға қарсы ережелерді сақтағанын растайтын дәлелдер ұсынбағаны көрсетілген.

Сот шешімімен талап толық көлемде қанағаттандырылды. Жауапкерлерден талапкердің пайдасына 11 млн теңге және сот шығындары өндіріп алынды.

Апелляциялық саты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Ол заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары