$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жұртты алдап жүрген алаяқтардың тағы бір айла-шарғысы әшкере болды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандықтарды жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

Қазақстанда жұртты алдап жүрген алаяқтардың тағы бір айла-шарғысы әшкере болды
Фото: Freepik

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұрғындарға қаржылай көмек береміз деп уәде ететін алаяқтардың жаңа айла-шарғысы пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Палатаның баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар өздерін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері ретінде таныстырып, ел тұрғындарын алдап жүр.

«Соңғы уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтық деректері жиілеп кетті. Белгісіз адамдар өздерін «Атамекен» ҰКП қызметкерлері ретінде таныстырып, палата тарапынан көрсетілетін-мыс қаржылай қолдау, несие алу мүмкіндігі, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу немесе бизнестің табыстылығын арттыру құралдарын пайдалану туралы жалған ақпарат таратып жүр. Сонымен қатар олар телефонға келген кодты айтуды немесе кейін ақша аударуды талап етеді», – деп ескертті палатаның баспасөз қызметі.

Күдікті қоңыраулар түскен жағдайда тұрғындарға еліміз бойынша тегін 1432 байланыс орталығына хабарласу ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары