$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.10.2019, 22:45
Жаңалықтар

Өкілдер палатасы 1,5 миллион армянның қырылуын геноцид деп таныды

Бұл резолюция АҚШ пен Түркия арасындағы қарым-қатынасты ушықтыруы мүмкін

Өкілдер палатасы 1,5 миллион армянның қырылуын геноцид деп таныды
Фото: centralasian.org

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Осман империясы кезінде 1,5 миллион армянның қырылуын геноцид деп тану туралы резолюция қабылдады. Оған палатаның 405 мүшесі қолдап дауыс берсе, 11 мүшесі қарсы болды, деп жазады centralasian.org.

Кейбір сарапшылар резолюцияның қабылдануы АҚШ пен Түркия арасындағы қарым-қатынасты ушықтырып жіберуі мүмкін деп болжап отыр.

Өкілдер палатасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің жетекшісі Элиот Энгел жылдар бойы дауыс беруге шығарылмаған резолюцияның қабылдануы және Түркияға экономикалық санкция салу туралы заң жобасы Анкараның Сирияда әскери операция бастау туралы шешіміне «жауап» екенін айтты.

Армения Осман империясы кезінде армяндарға геноцид жасалды деп санайды. Анкара бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АҚШ #Түркия