$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда шетелдік көліктер заңсыз тіркеліп отырған: мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірілді

Тергеу барысында 273 млн теңге көлеміндегі алымдар ерікті түрде өтелді

Алматыда шетелдік көліктер заңсыз тіркеліп отырған:  мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірілді
Фото: istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласында көлік құралдарын заңсыз тіркеу фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, үш жыл бойы бір топ адам Алматы қаласындағы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің көмегімен көліктерді бастапқы тіркеу үшін белгіленген алымдарды төлемей, жалған тіркеу жүргізіп отырған.

Схема ұйымдастырушылары алым төлеуден жалтарғысы келетін автокөлік иелерін іздеген делдалдар арқылы әрекет еткен.

Заңсыз әрекеттерді жасыру мақсатында көліктер жалған тұлғалардың атына рәсімделген.

«Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізіп, көлік құралдарын заңсыз тіркеуді қамтамасыз еткен. Нәтижесінде 132 автокөлік заңсыз тіркеуге қойылылып, мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

Тергеу барысында 273 млн теңге көлеміндегі алымдар ерікті түрде өтелді.

Сот үкімімен үш кінәлі 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 7 автокөлік тәркіленді», – делінген ҚМА хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары