11.11.2025, 10:03
Жаңалықтар
Тоқаев Польша халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Польша президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан Кароль Навроцкийді Польша Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент Қазақстан Польшаны Еуропа Одағы мен Шығыс Еуропадағы маңызды серіктесі деп білетінін және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың аясы қарқынды түрде кеңейіп келе жатқанын жоғары бағалайтынын жазған. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында өзара тиімді байланыс келешекте де жетістіктерге толы болатынына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Навроцкийдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Польша халқына құт-береке тіледі.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды