$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы қаласының тұрғындарына ескерту жасалды

Ауа сапасы күрт нашарлайды

Алматы қаласының тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 11 қараша күні Қазақстанның бір қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жағдай ауа райының белгілі бір факторларының үйлесуіне байланысты, сол себепті зиянды қоспалар ауа қабатының төменгі бөлігінде шоғырланып, таралмай қалады.

«2025 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

ҚМЖ дегеніміз не және ол несімен қауіпті?

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл зиянды заттардың таралуына кедергі келтіретін ауа райы құбылыстары, атап айтқанда:

  • Тымық ауа;
  • әлсіз жел;
  • тұман;
  • температуралық инверсия.

Мұндай құбылыстар ластаушы заттардың ауада жиналуына әкеліп, ауа сапасының уақытша нашарлауына себеп болады. Әсіресе бұл өнеркәсіптік аймақтарда немесе тығыз құрылысты аудандарда айқын байқалады.

Серіктес жаңалықтары