$ 523.58  605.36  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еуропаға 75 тонна заңсыз балық экспорттаған кәсіпорын басшылары сотталып кетті

Еуропа одағының елдеріне 254 млн теңгенің балығы экспортталған

Еуропаға 75 тонна заңсыз балық экспорттаған кәсіпорын басшылары сотталып кетті
Фото: ҚМА/Видеодан скрин

Қаржылық мониторинг агенттігі көлік прокуратурасының үйлестіруімен «СПК Қызылорда Балық» ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылы аталған кәсіпорынның лауазымды тұлғалары кеден органдарына жалған мәліметтер ұсынып, құны 254 миллион теңге болатын жалпы салмағы 75 тоннадан асатын көк серке етін Еуропа одағының елдеріне заңсыз экспорттаған.

Балық өнімдерінің заңды шығу тегін көрсету мақсатында кәсіпорын шын мәнінде балық өсіру немесе ұстау жағдайлары болмаған өзімен байланысы бар тұлғалар мен шаруашылықтардан балық сатып алынғаны жөнінде жалған құжаттар ресімдеген.

Тексеру барысында бұл шаруашылықтардағы су айдындарының толықтай кеуіп қалғаны, ал құжаттарда көрсетілген жүк көліктерінің тасымалдау қызметін іс жүзінде атқармағаны және тоңазытқыш жабдықтармен қамтамасыз етілмегені анықталды.

«Тергеу барысында жалған шот-фактуралар жазылғаны және балық өнімдерін тасымалдауға заңсыз ветеринарлық анықтамалар берілгені дәлелденді.

Сот үкімімен кәсіпорынның құрылтайшысы А. Ерхатов және директоры Л. Қайыпназарова кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Мемлекет пайдасына 254 млн теңге көлеміндегі заңсыз табыс өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – делінген ҚМА хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары