$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

IT, энергетика, сервис және дизайн: қазақстандық колледждердің студенттері шетелде білім алды

Негізгі мақсат – тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды меңгеру

IT, энергетика, сервис және дизайн: қазақстандық колледждердің студенттері шетелде білім алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның колледждері халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты белсенді дамытып келеді. 2025 жылы еліміздің 10 колледжінен 150-ден астам студент шетелде білім алып, тәжірибеден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бағдарламалар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 2025-2027 жылдарға трансформациялау жөніндегі жол картасы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылуда.

Негізгі мақсат – тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды меңгеру және болашақ мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

«Қазақстандық студенттер тамақтану, сервис, IT, энергетика, инжиниринг, дизайн және автомеханика бағыттары бойынша Түркия, Қытай, Қырғызстан, Франция, Испания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия және Швейцария елдерінде қысқа мерзімді курстардан, тәжірибеден және тағылымдамадан өтті», – дейді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Академиялық ұтқырлық Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру жолындағы маңызды қадам болып саналады.

Серіктес жаңалықтары