$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да түнгі клубтағы төбелес: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Қазір күдіктілердің бірі ауруханада жатыр

СҚО-да түнгі клубтағы төбелес: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Петропавлдағы ойын-сауық орындарының бірінде түсірілген видеода күзетші полицияның заңсыз әрекеттер жасағаны туралы айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы мәселеге байланысты СҚО полиция департаменті түсініктеме беріп, аталған мекемеде жанжал болғаны туралы шақыру түскенін мәлімдеді. Бейнежазбаны қарау барысында күзетшінің, яғни боксшы-спортшының келушілердің бірін ұрғаны анықталған.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, ұсталды. Ұстау кезінде ол полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, қарсы әрекет көрсетті.

Қазір ер адам ауруханада жатыр. Емделгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамалады. Қашу әрекеттерінің алдын алу үшін палатаның жанында конвой қызметкерлері қойылды», – деді СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев.

Полицияның мәліметінше, күдіктінің полицейлер тарапынан заң бұзушылықтар жасалды деген уәжі қызметтік тергеу аясында мұқият тексерілмек. Сондай-ақ аталған мекеме бойынша құқық бұзушылықтарға жол беретін кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.

Ведомство жалған ақпарат таратуға жол берілмейтінін ескертіп, жауапкершілік бар екенін еске салды.

«Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратудан бас тартуды сұраймыз.

Еске саламыз, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған», – деп атап өтті полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары