$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қар аралас жаңбыр жауады: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Қар аралас жаңбыр жауады: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елдің солтүстігі мен орталығында – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман және бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 20-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -3 пен +2°С аралығында болады. Астанада да жаңбыр мен қар аралас жауын, көктайғақ және екпінді жел болады.

Алматы, Жетісу және Абай облыстарында күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -4…-12°С дейін төмендеп, күндіз +8…+13°С шамасында көтеріледі.

Оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел 20-28 м/с дейін күшеюі ықтимал. Түнгі температура -2…+3°С, күндіз +10…+15°С аралығында болады. Шымкент пен Таразда күн жылы, +14…+16°С болады.

Батыс аймақтарда – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында негізінен бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0…+7°С, күндіз +10…+15°С аралығында, Каспий маңында +18°С-қа дейін көтеріледі.

Серіктес жаңалықтары