Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап, бірнеше адам зардап шекті
Құтқарушылар ғимараттың сыртын бекітіп, одан әрі құлаудың алдын алды
Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы мен кондиционер орнатылған бөлігі құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Алматы ауданындағы Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайында болған. Ведомствоның мәліметінше, құлаған бөлік шамамен 150 шаршы метр аумақты қамтыған, соның ішінде бірінші қабаттағы дүкен кіреберісі де бар.
Құтқарушылар зардап шеккендерді алып шықты
«Құтқарушылар оқиға орнында зардап шеккендерді құрылыс астынан шығарып, ғимараттың қаптамасы мен кондиционер бөлігінің одан әрі құлау қаупін жойды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», — делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар ғимаратта демонтаж және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.