08.11.2025, 16:27
Жаңалықтар
9 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына сәйкес, 2025 жылғы 9 қараша, жексенбі күні Қазақстан аумағына Атлант мұхитынан келген белсенді циклон әсер етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
«Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашын кей жерлерде күшті болады. Бұл аймақтарда, сондай-ақ шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ пен боран болуы мүмкін», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Оңтүстікте күн ашық болады
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда антициклонның әсерінен ауа райы ашық, жауын-шашынсыз өтеді.
Сонымен қатар синоптиктер елдің барлық өңірінде тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал екенін ескертеді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды