$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда робототехника зертханасы ашылады

Әкімдік оны қытайлық компаниямен бірге іске асырмақ

Алматыда робототехника зертханасы ашылады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі робототехника мен жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы стратегиялық серіктестік орнату мақсатында Қытайдың AgiBot компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Құжатқа қол қою рәсімі Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының Шанхай қаласына жұмыс сапары барысында өтті. Кездесуде әкім AgiBot компаниясының тең құрылтайшысы әрі техникалық директоры Пэн Чжихуэймен – жаңа буынның жетекші инженер-робототехнигімен жүздесті.

Роботтарды үйрететін деректер фабрикасы іске қосылады

Меморандум шеңберінде тараптар Алматыда Robotech R&D зертханасын ашу және роботтарды нақты қалалық жағдайда оқытуға арналған деректер фабрикасын іске қосу туралы келісті. Сонымен қатар логистика, медицина, өнеркәсіп және білім беру салаларында пилоттық жобалар жүзеге асырылмақ.

Қалада робототехника және ЖИ саласындағы кадрларды даярлау жүйесі де жолға қойылады. Бұл бағыттағы жұмыстарға Astana Hub және Алматының цифрландыру басқармасы қатысады.

AgiBot — әлемдік робототехника нарығындағы танымал ойыншы

2023 жылы құрылған AgiBot компаниясы Embodiment + AI платформасы негізінде Yuanzheng, Lingxi және Genie атты гуманойд және сервистік роботтар желісін шығарады. Компанияның инвесторлары арасында Sequoia, Baidu Ventures, Tencent, BYD, TCL және LG Electronicsсияқты алпауыттар бар.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл серіктестік Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары технология саласындағы ынтымақтастықтың маңызды қадамына айналады.

Серіктес жаңалықтары