$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Үйге келіп, күйеуіме бәрін айттым»: Дана Нұржігіт балшы-балгерлерді не үшін аралады

Жарық дүниеге есігін баласын видеоға түсіріп аламын деп ойлаған Володяның оны қосуға шамасы келмей қалды, дейді тележурналист

«Үйге келіп, күйеуіме бәрін айттым»: Дана Нұржігіт балшы-балгерлерді не үшін аралады
Фото: instagram.com/dana_nurzhigit/

Тележурналист Дана Нұржігіт іште жатып бір өкпесі суға толған сәбиін дәрігерлер қалай аман алып қалғанын әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Ұлымның аты неге Әлім? Баламның бүгінгі туған күні осыдан 15 жыл бұрын болған күндерді еске салды. Мен оны 10 жыл күттім. Дәрігер, балшы-балгерлер…бәрінен өттім. Енді көтергенімде іштегі 5 айлық баланың бір өкпесі суға толған, аман қалуы екіталай деді. 8 айлығында дәрігерге барсам, сәл күтейік өкпесі даму керек әлде де деді. Бірақ баланың есімін таңдадыңыз ба деп сұрады. Жоқ деп едім, таңдағаныңыз дұрыс, бала жерге өз есімімен түскені жақсы ғой деді дәрігерім», - деп атап өтті журналист.

Үйге келген соң мән-жайды күйеуіне айтқан. Содан екеуі есім таңдай бастайды.

«Ұлтаралық некеден туатын бала болған соң Алан,Тайыр, Мансұр, Тимур деп келе жатып, мен Әлім қойсақ қайтеді дедім. Володя естіді де бірден, «біздің қарашайларда екінің бірінің есімі Әлім, одан қала берді сенің руың Әлім, оған қоса баламыз дәрігерлердің ғылым-ілімінің арқасында дүние келеді. Ал арабта ғылым деген әлім, ілім емес пе?! Бітті! Әлім болсын!» деді. Дәрігерімнің баланың есімін қойдың ба дегені, кейін ойласам, көрер жарығы болмаса, періште есімімен түссін дегені екен ғой!», - дейді Дана Нұржігіт.

Босанғанда баласын бірден видеоға түсіріп аламын деп мойынына видеокамера асынып алған Володя оны қосуға да, қолына ұстауға да шамасы келмей қалған.

«Баланы бірден реанимацияға көтеріп әкетті. Маған наркоз беріп, басқа блокқа апарып тастады. 8 айлық нәрестемді бір ай әлпештеп, 9 айға толтырып, шекесін торсықтай етіп қолыма берген дәрігерлерге өмір бақи ризамын! Бас иемін!», - деп түйіндеді ол.

Серіктес жаңалықтары